Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көлік өзенге құлап кетті: 4 адам ауыр жарақат алды

Алматыда Сәтбаев көшесінде көлік Есентай өзеніне құлап кетті.

Куәгерлердің айтуынша, Toyota Camry 10 мен Toyota Camry 50 көліктері шығыс бағытқа қарай келе жатқа, деп жазады Sputnik.

Белгісіз себептермен Toyota Camry 50 Toyota Camry 10 көлігінің артына соғылған. Жүргізуші апатқа ұшырамау үшін рөлді оңға бұрып, темір қақпадан асып өзенге құлап кетті.

Шетелдік көлік 7-10 метр биіктіктен құлады. Апат салдарынан 4 адам жарақаттанды Олардың үшеуі ессіз күйінде ауруханаға жеткізілген.

Оқиға орнында жол полицейлер, тергеушілер, криминалистер тексеру жүргізіп жатыр.

Талқылау