Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда келесі аптада жер сілкінісі қайталануы мүмкін

Алматыда келесі аптада жер сілкінісі қайталануы мүмкін. Осыған байланысты сейсмологтар күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Қазір қауіптің «сары» деңгейі белгіленген.

20170503111039

Мамандар зілзала қуаты шамамен 3-4 балды құрауы мүмкін дейді. Алайда олар тұрғындарды абыржымауға шақырды. Әлгі тербелістер ешқандай қауіп тудырмайды, деп хабарлайды Алматы арнасы.

«Сейсмоқауіпсіздік деңгейі «сарыға» көтерілді екен деп, халыққа өре түрегелудің еш қажеті жоқ. Тағы айтайын, «сары» деңгей ертең жер сілкінісі болады деген сөз емес. Ол тек құзырлы орындар мен сейсмологтардың жұмысын күшейтеді. Оған ақпараттарды жинау, тұрғындарды ескерту, бақылауды жиілету сынды жұмыстар кіреді. Қазір Қытайдан бізге тербелістер келіп жатыр. Сондықтан күшейтілген режимде жұмыс істейміз», – деді  Қазақстан Республикасы марламенті мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко.

Осы тұста, Алматыға жұмыс сапарымен келген еліміздің парламенті пәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко бірден төтенше жағдайлар және апат қаупін азайту орталығына ат басын бұрды. Өйткені, аталған ұйым осындай мәселелер жөнінде өзге елдермен тәжірибе алмасу үшін ашылған. Орталық қазір 50 шақты біріккен ұлттар ұйымының агенттіктерімен тығыз қарым-қатынас орнатыпты. Бұл табиғи құбылыстар, өрт пен жер сілкінісі кезінде жылдам қарекет етіп, алдын-ала анықтауды қолға алуды көздейді.

Тағы да оқыңыз:

Ғалымдар шошқаның ағза мүшелерін адамға ауыстыра бастады

Ұзақ жасаудың құпиясы: Халқы ұзақ өмір сүретін 5 ел

Жедел жәрдем қызметі барлық шақыртуға бармайтын болды

Маса шаққан әйелдің аяғы мен қолын кесіп тастады

Талқылау