Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда газ балоны жарылып, көліктің түгі қалмай жанып кетті

Газ баллонының жарылып, Шымбұлаққа көтеріліп бара жатқан автокөліктің түгі қалмай жанып кетті.

20170729144256

Сурет: Дилярам Аркин

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Сағат 10:27-де Алматы қаласы ТЖ департаментінің «101» нөміріне Медеу ауданы, Горная көшесінің Шымбұлаққа жақын тұсында автокөліктің өртенгендігі туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 10:46-да келіп жетті. «Тойота Хайлюкс» (пикап) маркалы автокөлігінің газ баллонының жарылуы салдарынан өртенгендігі анықталды. Өрт сағат 11:00-дер кезінде толықтай ауыздықталды», – деп хабарлады Алматы ТЖ департаменті.

Өрт аумағы жалпы 6 шаршы метрді қамтыған. Денесін өрт шалған көлік жүргізішісі қалалық ауруханалардың біріне шұғыл жеткізілді.


Жіберіп алмаңыз:

АҚШ-та күйеуі әйелін орынсыз әзілдері үшін өлтірген

Қапшағай трассасындағы жол апатында ер адам қайтыс болды (фото)

Белгісіз біреу түрмеге граната лақтырып, 20-дан астам тұтқын қашып кеткен

Алматыда бағдаршамға қарамай өткен мопед жүргізушісі ауыр халде жатыр

Талқылау