Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот тыңдалымы басталды

Алматыда танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты соттың алдын ала тыңдалымы басталды.

Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот тыңдалымы басталды

Сурет: Sputnik / Анна Платонова

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Сот тыңдалымы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта өтіп жатыр. Процесс сотталушылардан қысқаша жауап алудан және сот алқасының құрамын жариялаудан басталды.

Бүгін сот қылмыстық іс материалдары мен айғақтарды қарастыру тәртібін, негізі сот отырысының қандай тәртіпте өтетінін нақтылайды.

Сот тыңдалымына Денистің анасы келді. Оның қызығушылықтарын қорғаушы Нұрлан Үстеміров қорғайды.

Сот қазақ тілінде өтеді. Жәбірленуші тарап үшін аудармашы берілді.

Күдіктілер Жанар Толыбаева  мен Арман Құдайбергенов өзін суретке және видеоға түсіруге тыйым салды. Ал Нұралы Қиясовтың қорғаушысы процесті камераға түсіруге қарсы шықты.

Сот процесінде анықталғандай, күдікті Толыбаева жүктілігінің жетінші айында екен.

Естеріңізге сала кетсек, 19 шілде күні Алматыдағы Құрманғазы мен Байсейітов көшелерінің қиылысында көлік айнасын ұрламақ болған екі азамат Денис Тенге шабуыл жасады. Кикілжің нәтижесінде күдіктілер спортшының аяғына пышақ сұғып алған. Нәтижесінде Денис Тен көп қан жоғалтып, аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды.

Бұған дейін министрдің орынбасары қолға түскен азаматтардың шынайы қылмыскерлер екенін мәлімдеген еді. Сондай-ақ, ІІМ өкілі Денис Теннің өліміне күдіктілердің бірі Арман Құдайбергеновтің бұған дейін жасаған қылмысы үшін не себепті тұтқындалмағанын түсіндірді. Мұнан кейін аталған іске қатысты үшінші күдікті ұсталды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау