Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда кесілген қолы мен басы табылған адамның өліміне күдікті анықталды

Алматыда қоқыс жәшігінен бөлшектелген денесі табылған ер адамды өлтірген күдікті анықталды.

20160907120705

Бұл туралы ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Алмас Сәдубаевтың хабарлауынша, белгісіз ер адамның бөлшектелген дене мүшелерінің табылуына қатысты «Адам өлтіру» ҚР ҚК-нің 99 бабы бойынша сот алды тергеу басталды.

«Жапа шегушінің жеке тұлғасын, куәгерлерді, сондай-ақ қылмыс жасауға қатысты тұлғаларды анықтау мақсатында жедел іс-шара жүргізілді. Полиция қызметкерлері қылмыс жасалған жалға берілетін пәтерді және жапа шегушінің тұлғасын анықтады. Сонымен қатар, күдікті тұлға да анықталды. Қазіргі уақытта оны ұстауға қатысты шаралар қолға алынуда», – деп хабарлады министрліктің ресми өкілі.
Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда қоқыс жәшігінен кесілген адам басы мен қолы табылғанын хабарлаған едік. Оны қоқыс ақтарып жүрген ер адам тапқан. Айтуынша, спортық сөмке ішінде шүберекке оралған екі пакет болған. Оның бірінде 25-30 жас шамасындағы ер адамның басы, екіншісіне қолы салыныпты. Кейіннен полицейлер Алматыда қоқыстан табылған басы кесілген адамның кім екенін анықтады.

Талқылау