Алматыда бір мектеп түгелімен улы газға тұншықты
Алатау ауылындағы мектепте жоғары сынып оқушысы шашқан газ баллонынан 10-нан астам оқушы уланған.
Олар жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Ал мектеп бұл оқиғаны жасыруда, деп хабарлайды КТК.
Оқиға Алатау ауылындағы №7 мектепте болды. Үлкен үзілісте жоғарғы сынып оқушыларының бірі мектеп фойесімен газ баллонын шашып өткен.
Иістен уланғандар шетінен құлай бастапты. Зардап шеккен 10-нан астам оқушы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.
Қазір 6 оқушы жансақтау бөліміне түскен.
Қоңырауда балаларды бақылауға тиісті мектеп кезекшілері де орнында болмаған. Ал газ баллонын шашқан тоғызыншы сынып оқушысы деген болжам бар. Ол бала қазір іздестіріліп жатыр.
Талқылау