Алматыда бір мектеп түгелімен улы газға тұншықты

Дүйсенбі, 30 Қараша , 2015 21:31

Алатау ауылындағы мектепте жоғары сынып оқушысы шашқан газ баллонынан 10-нан астам оқушы уланған.

1

Олар жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Ал мектеп бұл оқиғаны жасыруда, деп хабарлайды КТК.

Оқиға Алатау ауылындағы №7 мектепте болды. Үлкен үзілісте жоғарғы сынып оқушыларының бірі мектеп фойесімен газ баллонын шашып өткен.

Иістен уланғандар шетінен құлай бастапты. Зардап шеккен 10-нан астам оқушы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Қазір 6 оқушы жансақтау бөліміне түскен.

Қоңырауда балаларды бақылауға тиісті мектеп кезекшілері де орнында болмаған. Ал газ баллонын шашқан тоғызыншы сынып оқушысы деген болжам бар. Ол бала қазір іздестіріліп жатыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар