Алматыда Батырхан Шүкенов көшесі пайда болуы мүмкін
Алматы көшелерінің біріне Батырхан Шүкеновтің есімі берілуі мүмкін. Алматы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму бойынша тұрақты комиссиясы осындай ұсыныс жасады. Қаланың жоғары бөлігіндегі бұған дейін Максим Горькийдің есімімен аталып, кейіннен Наурыз аталған көше ендігі Шүкеновтің есімімен аталуы ықтимал, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Сурет: Sputnik
«Мен Батырхан Шүкеновті жақсы көремін. Көшеге оның есімі берілсе, қуанышты болар ем. Себебі әншіні жеке танитынмын», – дейді Алматы тұрғыны Сергей Шубин.
Ал әншінің тыңдармандары мұндай хабарды күтіп жүргелі 3 жылдың жүзі болған. Олар қаладағы көшелердің біріне дарынды музыканттың есімін беру туралы сұрап, үндеу жолдаған еді.
Айта кетсек, әнші Батырхан Шүкенов 2015 жылы 28 сәуірде бақилыққа аттанған еді. Оның жүрегі тоқтап қалған.
Оқи отырыңыз:
ОҚО-да 11-сынып оқушысы терроризмді насихаттағаны үшін сотталып кетті
Елімізде сатылып жатқан ойыншықтардың жартысынан көбі зиянды болып шықты
Баспана бәріне бірдей берілмейді: Назарбаев арзан баспананы алдымен кімдер алатынын айтты
Талқылау
Қазақстанда қант диабетінің әлеуметтік маңызы бар аурулар қатарынан алынуы дау туғызды: Енді мемлекеттік көмекті кімдер алады
Желі қолданушысы: "МӘМС-ке төлесем де дәрілерді сатып аламын"
"Қауіпті ортада жүрудің құны бар-жоғы 160 мың теңге": Қазақстандық жедел жәрдем қызметкерлері жаппай бас көтерді
Қызметкерлер ай сайын 30-45 мың теңгедей кем жалақы алып жүр