Алматы облысындағы майордың өлімі: Полицейді пышақтап өлтірді деп күдіктелген жігітке қатысты жаңа дерек шықты

Есік қаласында полиция қызметкерінің өлімімен тынған төбелесте Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық саябағының қызметкері мылтығымыен бір адамды атып, екеуін жаралаған. Қазіргі уақытта қорықшы қамауға алынған. Алайда төбелес кезінде полиция майорының арқасынан пышақтады деп күдіктелген 30 жастағы Әмір Әбубәкіров әлі ұсталмады. Ол Шымкентте жасырынып жүрген болуы мүмкін, деп хабарлайды КТК арнасы.

Алматы облысындағы майордың өлімі: Полицейді пышақтап өлтірді деп күдіктелген жігітке қатысты жаңа дерек шықты

30 жастағы Әмір Әбубәкіров бір аптадана бері іздестіріліп жатыр. оның қайда жүргенін туыстары да білмейтін болып шықты.

«Қызбалықпен кіріп кетіп отыр ғой. Олар өздері білмейді ғой. Олармен байланысқан болса, әңгіме басқаша болар еді», – дейді іздеудегі күдіктінің туысы.

7 мамырда орын алған оқиға кезінде 6 жігіт мерекені атап өтуге жиналған. Алайда отырыс соңы төбелеске ұласып, артынша оларға кеп қосылған үш жігіт атыс шығарған. Салдарынан бір жігіт оққа ұшып, енді бірі-пышақ жарақатынан көз жұмды.

«Сол күні біз жұмыстан Асты жайлауынан түсіп келгенбіз. Ол кешке қарай қараңғы түскенде кеткен үйіне. Бізде ешкімде қару жоқ. Бірақ енді Олжас туралы айтатын болсам, ол жаман бала емес. Жақсы отбасы.  Қалай мына іске барғанын мен білмеймін», – дейді  Іле Алатауы ұлттық табиғи паркі Түрген филиалының директоры Иманәлі Сәрсенбаев.

Ал Іле-Алатауы мемлеттік ұлттық паркінің басшыларының сөзінше, мылтықтан оқ атқан қызметкер ертесіне-ақ полицияға өзі берілген.

Десе де бұған қатысты ІІД басқа мәлімет беріп отыр. Айтуынша, олар қорықшыны өздері ұстаған. Төбелеске қатысқан ер адамдардың барлығының  2-3-еуден бала-шағасы бар екен.

«Бірге араласып жүрген бала ғой. Тыныш бала еді», – дейді зардап шегушінің көршісі.

Адам өлімімен аяқталған төбелеске жалпы қатысы бар 9 адам. Екі адамның біреуін атып өлтірген, ал біреуі полиция қызметкерін пышақтаған. Қатысы бар жігіттердің тағы біреуі аяғынан оқ жарақатын алып, ауруханада жатыр. Ал екі күдіктінің біреуі қамауда отырса, екіншісі іздеуде жүр. Алайда төбелеске қатысы бар қалған 4 жігіт не күдікті, не оқиға куəгері боп іске тартылмаған.

Қазіргі уақытта атышулы қылмыс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Оқи отырыңыз:

ОҚО-да 11-сынып оқушысы терроризмді насихаттағаны үшін сотталып кетті

Елімізде сатылып жатқан ойыншықтардың жартысынан көбі зиянды болып шықты

Баспана бәріне бірдей берілмейді: Назарбаев арзан баспананы алдымен кімдер алатынын айтты

Германияда Qazaq Banki акционері Бақыт Ибрагим ұсталды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар