Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда барахолкадағы өртті 5 сағат сөндірген

Алматыда барахолкадағы өртті сөндіруге 5 сағаттан артық уақыт жұмсалған. Бұл туралы ҚР ІІД ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

????????????????????????????????????

«Алматы қаласы: өрт 21.55-те сөндірілді. Өрт аумағы 3000 шаршы метр», – Руслан Иманқұлов.

Бұл ретте өрт салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің жоқ екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, «Олжа» базарындағы өрт жайлы хабарлама сағат 16.26-да түскен еді. Өрт сөндіруге 360-тан аса адам жұмыла кірісіп, екі тікұшақты қосқанда 50-ден астам техника іске қосылды. Өрт 18.43-те ауыздықталды.

Талқылау