Алматыда айлық орнына азық-түлік алған жұмысшылар шу шығарды

Алматыдағы «Hi Tech logistics» компаниясының қызметкерлері жалақыларының жырымдалып қана қоймай, соңғы кезде азық-түлікпен берілетінін айтып наразылықтарын білдіруде, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Тіпті, соңғы үлестірген өнімнің жарамдылық мерзімі әлдеқашан өтіп кетіпті. Компания өкілдері болса, жаланы керісінше жұмыскерлердің өзіне жауып отыр. Айтуларынша, қоймада ұрлық жиілеген. Тіптен, қылмыстық іс те қозғалыпты. Сондықтан, айыптан жалтару үшін жұмысшылар осындай әрекетке баруы мүмкін деген пікірде. Тараптарды Асқарбек Қазанғап тыңдап келді.

Алып қоймалар орналасқан компания аумағына расымен кіру қиын. Іштегі қызметшілердің бей-берекет тысқа шығуына да рұқсат жоқ. Құдды бір стартегиялық нысандағыдай тәртіп күшті. Әйтсе де сол тәртіпті бақылайтындардың өздері айлыққа жарымай жүр. Басқа жұмысшыларға да соңғы рет еңбекақыларының бір бөлігінің орнына осында сақталатын азық-түлікті беріпті. Онда да мерзімі өтіп кеткен өнім таратылған.

“Бала-шағамызды улай алмаймыз ғой. Дұрыс емес, конечно дұрыс емес. 60 мыңдай аламыз. Оның 16 мыңын алса бізге не қалады. Бала-шағаның тамағы бар, кредит бар. Проезд бар. енді оны қалай түсіндіреді?  түсіндіргенде аласыңдар дейді, болды”, – дейді компания қызметкері Серік Қалиев.

Басшылық бассыздығын айта жөнелген қызметшілердің сөзін компания өкілдері бірден жоққа шығаруға тырысты. Олардың айтқаны шындыққа жанаспайды деп ақталды. Негізі былтыр қоймада 40 млн теңгенінің тауары қолды болған екен. Ол бойынша, күдіктілер анықталып, полицияға арыз да жазылыпты. Жала жауып, наразылық білдіруі сол айыптан жалтарудың амалы дейді компания басшылары.

“Бізде әлі күнге дейін ашылмаған екі қылмыстық іс бар. Арызды 2016 жылы жазғанбыз. Тергеушілер тарапынан ешқандай қабылданбады. Олардың атына үш рет бас прокуратураға, облыстық прокуратураға арыздандық. Біз заңға сәйкес жалақы төлейміз. Азық-түлікпен береді деген бос әңгіме”, – дейді «High Tech Logistics» компаниясының директоры Михаил Шамаков.

Екі тараптың да айтар өз шындығы бар. Қызметшілер айлықты азықпен беру бассыздығын тоқтатуды қалайды. Ал, компания басшылығы жала мен айып текетірескен бұл істің құзырлы органдар мән-жайын анықтап, нүктесін қоюы тиіс деген пікірде. Сонда біраз шындықтың беті ашылар еді дейді. Бірақ, қоймадағы ірі көлемдегі ұрлыққа қатысты іс бір жылдан асты, белгісіз себептермен әлі күнге орнынан жылжымай тұр.


Жіберіп алмаңыз:

Мұратхан Тоқмәди өлтірген банкир Ержан Тәтішев туралы бес дерек

Эксперимент: Күйеуім бар деп алдаған қыз балгердің өтірігін әшкере қылды (фото)

Сейсмологтар: Жаңа жылда Алматыда жер сілкінуі мүмкін

Тұрмысқа жаңа шығып ана атануына екі ай қалған келіншек сәбиімен бірге көз жұмды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар