Алматыда әйел адамның мәйіті табылды
Алматыда Камышинский мен Майлин көшелерінің қиылысынан әйел адамның мәйіті табылды.

Марқұмның жасы шамамен 30-да. Криминалистердің мәліметінше, әйелге қысым көрсеткен. Алайда өлімнің нақты себебі тексеруден соң белгілі болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, марқұм әйелдің тұрақты баспанасы болмаған. Бұл ауданда жүргеніне 4 күн болыпты. Мәйіттің жанынан бөтелкелер табылды.

Коммуналды қызмет өкілінің айтуынша, марқұм әйел 1986 жылғы. Оның 4 жастағы баласы бар. Әйел коммуналды қызметте жұмыс істеген. Ішімдікке әуестігінен жұмыстан қуып жіберіпті. Қазір өлімнің мән-жайы анықталып жатыр.
Тағы да оқыңыз:
Алматы қаласынан 95 шақырым қашықтықта жер сілкінді
ОҚО-да жол апатынан 5 адам көз жұмды
Елімізде дінді желеу етіп балаларына екпе салдырудан бас тартқандарға айыппұл салынғбақ
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді