Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда әуе апатынан қаза тапқан дәрігерлердің әріптестері пікір білдірді

Ан-28 ұшағымен бірге әуе апатына ұшырап қаза тапқан дәрігерлер Талғат Патсаев пен Жәнібек Артықбаевтың әріптестері қайғылы оқиғаны аса қатты күйзеліспен қабылдады.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазады.

“Талғат Патсаев 1993-1994 жылдары мен сабақ берген акушерлік және гинекология тобында оқыды. Сосын ол Шымкентке кетіп, перзентханада жұмыс істеді. Кейін Алматыға оралып, ғылым докторы атағына дейін көтерілді. Қосымша клиникада кеңесші ретінде ұзақ жылдар қызмет етті”, – дейді медицина ғылымдарының докторы Вячеслав Локшин.

“Ол емделушіге әркез көмектесуге дайын тұратын. Оның қолы алтын, ол мыңдаған сәбидің өмірге келуіне атсалысты. Енді осындай жас, күшті, табысты дәрігердің, екі баланың әкесінің өмірде жоқ екені қатты қынжылтады. Талғат пен оның әріптесі Жәнібек нағыз қаһармандар”, – деді Локшин.

Реаниматолог Жәнібек Артықбаев ассистенттен Қазақстан-Ресей медицина университеті анестезиология және реаниматология кафедрасының профессоры дәрежесіне дейін көтерілген жан.

“Мен онымен жұмыс істегенім үшін бақыттымын. Профессор Артықбаев үнемі өзінің жүрегінің кеңдігімен, қарапайымдылығымен, тәжірибесімен тәнті ететін. Ол әлі қаншама дәрігерді оқытып, қаншама адамды емдейтін еді. Өте ауыр”, – дейді Айгүл Нұғыманова.

Еске салсақ, Үшінші қазанда ұшып шыққан санитарлық авиация ұшағы Ан-28 12 минуттан соң радардан жоғалып кетіп, артынша Алматы түбінде апатқа ұшыраған. Ұшақ Алматыдан Шымкентке аттанған болатын. Бортта бес адам болды, оның ішінде командир, екінші ұшқыш, авиатехник, екі дәрігер болған. Бәрі қаза тапты.

Тағы да оқыңыз:

Қорғаушысы: Қытайда түрмеде отырған Ақжарқын Тұрлыбайдың ақталуына сенім бар

Ақмола облысында жол апатынан 6 адам көз жұмды

Қарағанды облысында 5 жыл сексуалды құлдықта болған әйелге қатысты іс тоқтатылды

«Сиыр-говядина, қой-баранина»: Дәмханада жазылған аударма сөз жұртты күлдірді

Талқылау