Алматыда аса ірі жол апаты: “жедел жәрдем” көлігі мен жеңіл көлік соқтығысты
Алматыда “жедел жәрдем” көлігі мен Chevrolet автокөлігі соқтығысып, нәтижесінде екі адам ауруханаға түсті.

Фото: Куәгер
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.
Оқыс оқиға Рысқұлов даңғылы бойында орын алған. Chevrolet жеңіл көлігі “жедел жәрдем” көлігінің қапталына барып соққан.
Chevrolet иесінің айтуынша, ол Рысқұлов даңғылымен батыс бағытта келе жатқан. Оған қарсы қапталда жүрген “жедел жәрдем” дыбыс сиренасын қоспай, қос сызықты қатап кесіп өтпекші болған. Нәтижесінде бұрылып үлгере алмаған жеңіл көлік, медициналық жәрдем көлігіне барып соққан.
Нәтижесінде “жедел жәрдем” көлігі жүргізушісі мен дәрігер ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.
Павлодарда жолдың ортасында тұрған көлік түгі қалмай жанып кетті (видео)
Көкшетауда полицейді әріптесін өлтірді деп айыптады
Қостанай облысында босану кезінде әйел мен сәбиі қайтыс болды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"