Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы тұрғындары ғаламтордағы хабарландыруға алданып қалды

Алматыда жарнамасы жер жарған кірпіш зауытының басшылары 50-ге жуық клиентін сан соқтырып кеткен. Тауардың ақшасын алдын-ала санап алған олар артынша кеңсесін жауып, қашып кетіпті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабардар етті.

рнеп

Осыдан кейін бірден 20 шақты адам тура ішкі істер бөліміне келіп, «Отар Строй Групп» компаниясының басшыларына қатысты арыз жазды. Ал полиция олардың шағымын әзер дегенде қабылдады.

Жер кеуіп, құрылысқа белсене кіріскен мына азаматтар материалды ғаламтордан іздеген. Осылайша кірпіш зауытымен келісім-шартқа отырады. Соған сәйкес, клиенттер тауардың ақшасын алдын-ала санап беріпті. Қолдарында түбіртектері де бар. Тіпті әлгі компания кірпіштерді тиісті жерге дер кезінде тегін жеткіземіз деп уәде берген. Бірақ қазір кірпіш те, ақша да, тіпті кәсіпорын басшылары да ұшты-күйлі жоқ.

“Ақшасын төлеңіздер, шетінен алуға болмайды деді. Сонымен ақшасын құйдық. Алданған жақсы алданып тұрмыз ғой”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Руслан Әлімқұлов.

Сан соғып қалған азаматтардың 20 шақтысы тура ішкі істер бөліміне топтасып барып, шағым жазды. Соның өзінде ондағылар арызды әрең дегенде қабылдады. Ал кірпіштердің ақшасын қабылдаған мына қыз. Бірақ оның өзі де алданып қалған көрінеді. Басшылардың түр-әлпетін бірде-бір рет көрмепті. Істі курьер арқылы жүзеге асырған. Ал одан ақшаны алғандар небәрі бір күннің ішінде кеңсені жауып, із суытқан.

«Отар Строй Групптың» жарнамасы ғаламторда қазір де тұр. Тіпті, көрсетілген кірпіш зауыттарының ішінде ең арзан бағаны ұсынған. Жұрттың көптеп келу себебі де содан. Бірақ қазір ғаламторда көрсетілген телефон нөмірлері сол күйі өшірулі. Ал кірпіш сатқыштар іздестіріліп жатыр.

“Міндетті түрде қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қылмыстық кодекстің нормасы бойынша, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзімі көзделіп отыр”, – дейді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Алаяқтардың нақты қанша ақша жымқырғаны әзірге белгісіз. Тек алданған 50-ге жуық адамның кейбірінің жүздеген мың, енді бірінің тіпті миллион теңге бергені мәлім.

Талқылау