Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда арыққа қоқыс тастаған адамға айыппұл салынды

Алматы полициясы арыққа қоқыс тастаған азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты.Бұл туралы қала тұрғыны Анастасия Тараканова Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

айыппұл

Оның сөзінше Медеу аудандық тәртіп сақшылары өзінің жазбасына қатысты бірден шара қолданған.

Тараканова өз жазбасында  18 маусым күні  Көкбазар маңында бір азаматтың көлікпен келіп, ішінен қап толы қоқысты шығарып, жанындағы арыққа лақтырып кеткені жайлы жазған. Қала тұрғыны осындай тұрғындарға ренішін білдіріп қана қоймай, тәртіп бұзған азаматтың көлігін, тастаған қоқысын суретке түсіріп алған. Осы жазбаны көрген қалалық полиция дереу  азаматты іздеу шараларын ұйымдастырған.

Алматы қаласы ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек осы жазбадан кейін тексеріс жүргізіліп, қоқысты кімнің лақтырғаны анықталды деген. Ол кісі қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып оған  20 АЕК айыппұл салынған. Яғни 42 мың 420 теңге.

 

 

 

Талқылау