Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда арақ-шарап жасайтын астыртын цех анықталды

Оңай олжаны көздегендер Алғабас елді мекеніндегі жер үйлердің бірінде қымбат спирттік ішімдіктерді қолдан жасаған, – деп хабарлайды КТК арнасы.

e946692611d60c59c32b04b439f636d3

Заңсыз кәсіптің көзін тапқандарды Алматы облыстық экономикалық қылмысқа қарсы күрес басқармасының мамандары анықтапты. Алдымен олар Іле ауданында дайын өнімдер тиелген жүк көлігін ұстаған. Ішінен 60 жәшік коньяк тәркіленді. Кейін бұл заңсыз өнімдердің барлығы Алматыдағы астыртын цехта дайындалғаны анықталған. Ол жерді тінту барысында 500 шөлмек дайын арақ-шарап, жүздеген литр спирт, жалған акциздік маркалар мен арнайы арақ құюға арналған құрылғы тәркіленді.

“Цех 1-1,5 жылдай уақыт жұмыс істеген. Арақтарды Қарасай, Талғар, Іле аудандарындағы сауда орындарына өткізген”, – дейді Алматы облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің бөлім бастығы Кәкімбек Көпжасаров.

Талқылау