Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда анасы төрт баласымен жол апатына түсті

Алматыда шығыс айналма жолында Opel минивэні мен Toyota Camry соқтығысып, апат салдарынан бес адам зардап шекті.

3029983

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Минивэнде отбасы төрт баласымен келе жатқан.

Opel жүргізушісінің айтуынша, ол ортадағы қатарда, ал Toyota Camry 30 жанында келе жатқан. Кенет Toyota көлігінің рөлінде отырған әйел оң қатарға жылжи бастайды да, минивэнге соғылады. Минивэн арықтың үстімен жолдың жиегіне ұшып кетеді.

Opel көлігінде отырған жас әйел мен төрт баласы аурухана жеткізілді, минивэн жүргізушісі — отбасы әкесі зардап шеккен жоқ.

Toyota көлігінің рөлінде отырған жүкті әйелдің айтуынша, сіңірі тартылып қалғандықтан, апатты жағдай тудырған.

Алматы полициясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Оқи отырыңыз:

Астанаға жақын маңдағы орман жанынан адам сүйегі табылды

Павлодарда 42 жастағы ер адам көпірден секіріп кетті

ОҚО-да тойда аспанға оқ атқан жігіттер келінді жаралап алды

Анастасия Заворотнюк Испаниядағы теракті кезінде өмірімен қош айтыса жаздады (видео)

Талқылау