Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанаға жақын маңдағы орман жанынан адам сүйегі табылды

Астанаға жақын маңдағы қалың ағаштар жанынан адам сүйегі табылды. Бұл туралы Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

1441876519_14

Полиция мәліметінше, адам сүйегін Астананың 51 жастағы тұрғыны тауып алған.

“17 тамыз күні 102 пульт нөміріне сағат 20:05 шамасында Целиноград ауданындағы Малотиофеевка ауылына үш шақырым жерден, Астана-Қостомар автожолына жақын маңда адам сүйегінің табылғаны туралы хабар келіп түсті”, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сүйек мәйіті Астанадағы мәйітханаға жеткізіліп, сот-медициналық сараптамасынан өткізілмек.

Оқи отырыңыз:

Астанада үш ер адам 32 жастағы азаматты зорлап кеткен

Оңтүстік Қазақстанда үйлену тойында атыс болып екі адам жараланды

Қостанайда көлік қаққан жас қыздың денесі бөлшектеніп кеткен

ОҚО-да тойда аспанға оқ атқан жігіттер келінді жаралап алды

Талқылау