Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда алып жолбарысты тұмылдырықсыз жетектеп жүрген ер адам елді шошытты (видео)

Алматының арбатында ер адам жолбарысты қыдыртып жүр.

Видео Инстаграмның kris_p_almaty тобында жарияланды.

Көпшілік қоғамдық орында жыртқышты қыдыртып жүрген ер адамды көріп таңғалды. Жолбарыстың тұмылдырығы да жоқ. Куәгердің бірі жолбарысты видеоға түсіріп, жариялап жіберді. Желі қолданшылары жыртқыш иесін сынады.

“Жолбарысты асырап жүргені несі?” “Ол жыртқыш аң. Бәрібір қанында жыртқыштық болады. Балаға, адамға шапса, ешкім де тосқауыл бола алмайды”, “Иесінің есі дұрыс па өзі? Не тұмылдырығы жоқ, көшеде қыдыртып жүрегін несі”, “Мұндайларға шара қолдану керек”, – дейді олар.

Көпшілік жыртқыштық орны саябақ емес, зообақ екенін айтып жатыр.

Желі қолданушысының бірі өзін қабаған итінің тұмылдырықсыз жүргені үшін полиция ұстап, айыппұл алдырғанын айтты. Ал, мұнда ит түгілі жолбарыс тұмылдырықсыз  еркін жүр.

 

На Арбате…

Публикация от @kris_p_almaty Official 🇰🇿🚔🔝 (@kris_p_almaty)

 

Жолбарыстар туралы қызықты 27 дерек

Талқылау