Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алтын қалам-2015» ұлттық әдеби байқаудың жеңімпаздары марапатталды

Алматыда «Алтын қалам-2015» ұлттық әдеби байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Салтанатты кеш Ықылас атындағы халық музыка аспаптары музейінде өтті

01

 

Байқау қорытындысы бойынша «Жылдың үздік поэзиясы» аталымы – Шығыс Қазақстан облысының  Абай ауданынан Байтусов Нұржан, «Жылдың үздік прозасы»және«Жылдың үздік фантастика және детектив шығармасы» – Шымкенттен Шойбек Орынбай, «Жылдың үздік балалар және жасөспірімдер шығармасы» – Талдықорғанан Есболат Айдабосын, «Жылдың үздік драматургиясы» -Алматыдан Мұрат Қолғанат, «Жылдың үздік сатирасы» – Алматыдан Шайхыұлы Ермахан және  «Қазақ әдебиетіне қосқан елеулі еңбегі үшін» аталымы –  Елубаев Смағұл атты тұлғалар үздік атанды.

Орыс тіліндегі аталымдар бойынша: «Лучшая поэзия года»  аталымы –   Павлодардан Игнатовская Елена, «Лучшая проза года» Ақтөбеден  Половинко Вячеслав, «Лучшая детская и подростковая литература года» аталымына Алматыдан Шалабаева Аружан, “Лучшая фантастика и детектив года» аталымы – Астанадан Муканова Дана, «За вклад в развитие литературы» аталымы – Михайлов Валерий және «Подающая надежды»  аталымы – Жылқайдарова Тахмина алды.

“Алтын қалам” ұлттық әдеби жүлдесі алғаш рет 2010 жылы өткізілді. “Алын қалам” жүлдесіне 165 автор қазақ және орыс тілдерінде жазылған 364 шығармасын жолдады. Ал биылғы байқауға аталымдар бойынша қазақ тілінде авторлардан 117, ал орыс тілінде 148 шығарма ұсынылды.

Талқылау