Алматыда әлемдік бренд «Carrefour» гипермаркеті өз жұмысын бастады

Сәрсенбі, 10 Ақпан , 2016 20:17

Бүгін Алматы қаласында Қазақстан бойынша бірінші рет әлем бойынша брендке айналған супермаркеттер желісі «Carrefour» ашылды.

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Бұл туралы stan.kz сайтының тілшісі хабарлайды.
«Carrefour» гипермаркетінің ашылу салтанатына қала тұрғындары мен әкімдік қызметкерлері арнайы шақыртылған. Әдеттегідей жаңа гипермаркеттің ашылу салтанатында қызыл лента қиылды. Оның ашылуына қала әкімінің орынбасары Ерлан Мұратұлы қатысты.

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Алматы қаласы әкімінің орынбасары гипермаркеттің басшылығына алғыс білдіре отырып, бұл сауда орны Алматы қаласы үшін ерекше жаңалық екендігін атап өтті. Сонымен қатар осы гипермаркеттің ашылуы 600 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Осының өзі елбасымыздың “Жұмыспен қамту бағдарламасының” тікелей орындалып жатқанының дәлелі екендігін айтты.

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Атаулы гипермаркеттің директоры Стефан Морье: “Гранд Парк сауда орталығындағы гипермаркеті – бұл біздің Қазақстандағы дамуымыздың бірінші баспалдағы. Жалпы, біздің дүкендерімізде келушілер үшін барлық жағдай жасалған. Қызмет көрсету сапасы жоғары деңгейде. Дүкен сөрелерінде көптеген тауар түрлері қойылып отыр. Оған жеңілдіктер де қарастырылады. Тауарлар микробағалармен саудаланады. Келушілерге есігіміз қашан да ашық”, – деді.

Дүкен сөрелеріне 40 мыңнан астам тауар түрі қойылған. Бұл дүкеннің ерекшелігі мұнда азық-түліктен бастап тұрмыстық техника, киім-кешек, үй шаруашылығына қажетті тауарлардың барлығы сатылады. Мұнда Қазақстанда жасалған тауарлар да бар. Қожайындар қазірдің өзінде көптеген компаниялармен, шаруа қожалықтарымен тауар жеткізу бойынша келісім шартқа отырғандарын айтады.

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Бұл дүкенге қазірдің өзінде 450 азамат жұмысқа орналастырылған. Қожайындардың айтуынша жұмыс жолға қойылған сәттен бастап 600 тұрғын жұмыспен қамтамасыз етіледі екен.

«Carrefour» гипермаркетінің негізгі авторы БАӘ азаматы. Қазір желі әлемнің 38 елінде франчайзи арқылы таралған. Дүкеннің басқалардан негізгі ерекшелігі азаматтарға тиімді баға мен жоғары дәрежеде қызмет көрсетуімен ерекшеленеді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар