Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда шетелден көлік әкелем деген алаяққа алданғандар іздестірілуде

1977 жылғы күдікті шетелден қымбат көлік тасумен айналысатын жеке кәсіпкерлік ашқан. Өзінің қызметі үшін ол көлік құнының 70 пайызын алдын ала алып отырған. Осылайша аңқау тұрғындардан 31 млн 200 мың теңге жинап алған.

11916953

Сурет: ІІД

Алматыда шетелден автокөлікке тапсырыс берген алаяқтың құрбандары іздестірілуде деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

“1977 жылғы күдікті шетелден қымбат көлік тасумен айналысатын жеке кәсіпкерлік ашқан. Өзінің қызметі үшін ол көлік құнының 70 пайызын алдын ала алып отырған. Осылайша аңқау тұрғындардан 31 млн 200 мың теңге жинап алған”,-делінген Алматы ІІД хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, 2016 жылдың ақпанында жалған құжатпен шетел аспақ болған күдікті Қазақстан-Ресей шекарасында ұсталды. Қазір ол Алматының уақытша ұстау изоляторына қамалған.

“Оның компаниясы сыртқы экономикалық қатынастардың қатысушысы ретінде кедендік органдарда тіркелмегені анықталды. Яғни, ол бұл қызметті іске асыра алмас еді. Сөйтіп, ол өз клиенттерінің ешқайсысына көлік әкеліп бермеген”,-деп хабарлады полициядан.

ІІД оның әрекетінен жапа шеккен азаматтарды полицияға хабарласуды сұрайды.

Талқылау