Алматыда адамдар тегін тамақтана алатын қоғамдық тоңазытқыштар пайда болмақ

Жұма, 18 Тамыз , 2017 15:08

Алматыда жақын арада үш қоғамдық тоңазытқыш пайда болып, одан адамдар өзіне керек емес, бірақ тұтынуға жарамды тамақ, сусындарды орналастыра алады.

20882038_10154917313301134_4131832478181248901_n

“Егер сіз демалысқа кетіп бара жатсаңыз, және сізде ораламын дегенше бұзылып кететін тағамдар болады. Кейде бір мерекені атап өтсеңіз, көптеген тамақтар артылып қалуы мүмкін. Көптеген адамдар жарамдылық мерзімі аяқталуға таяу тағамдарды жәй ғана тастай салады”, – дейді Әлихан Байқоңыров Фейсбуктегі парақшасында.

Оның пікірінше, бұл мәселені “қайырымдылық тоңазытқышын” орналастыру арқылы шешуге болады.

“Мен алғаш рет ондай тоңазытқыштарды Денверден көрдім. Әрбір кварталда, ірі дүкендердің қасында тұрған сондай тоңазытқыштар аз қамтылған отбасыларға, студенттерге, зейнеткерлерге арналған. Тұрғындар өздерінен артылған тамақтарды тастап кетеді, ал мұқтаж адамдар оны алып тұтынады”, – дейді Әлихан.

20841925_10154917313266134_7748907451390159669_n

Мұндай тренд әлемнің көптеген елдерінде қолданылады. Акция ұйымдастырушылары Қазақстанның да мұндай игі шарадан тыс қалмағанын қалапты.

“Жақында мен және достарым Айдар Жұманов пен Рамиль Нұрмұғамедов бірікке жобада жұмыс істеп ақша тауып, фудшеринг үшін тоңазытқыштар сатып алды. Ол екеуі жуық арада орнатылмақ. Енді үшіншісін іздестіріп жатырмыз”, – дейді ол.

Алматылықтар Әлиханның жазбасына қолдап пікір қалдырып, бұл бастаманың лайықты нәтижесін беретініне сенім білдіріп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Оралдық ата-аналар оқулықта “лайкать”, “пиарить” деген сөздер өріп жүргенін айтып шағымданды

Анастасия Заворотнюк Испаниядағы теракті кезінде өмірімен қош айтыса жаздады (видео)

Алматыдағы көлік тұрағындағы төбелес: Жұдырығын ала жүгіргендер ұсталды

Жүрсін Ерман ақысына асабаға, әншіге айналған ақындар жайлы ойымен бөлісті (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар