Алматыда 6 жыл бұрын дүниеге келген төртем биыл мектеп табалдырығын аттамақ

Жұма, 19 Тамыз , 2016 7:46

Алматыда 6 жыл бұрын дүниеге келген төртем биыл мектеп табалдырығын аттамақ. Қай мектепке баратынын шешіп қойған ата-анасы балалардың оқуын қадағалау, апарып-алып келу жағынан қиналуымыз мүмкін дейді.

о

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бір-бірінен аумайтын Гүлайша, Бегайша, Нұрайша және Жанайшаның оқу құралдарын реттеп, алғашқы оқу жылына дайындалуы ерекше. Тіпті “Абай” порталы арнайы табыстаған сөмкелерін арқаларынан тастамайды. Дәптерге аты-жөндерін жүгірте жазған төртемнің оқуға деген ынта-жігері бөлек көрінді. Отбасындағы алты қыздың әкесі болса, балаларды сабаққа апарып-келу жайын қазірден ойластырып жүр екен.

– “Көріп отырсыздар, мектепке дайындап жатырмыз. Сабақ басталсын. Апасы келіп көмектесемін деп отыр. Ол кісі жасы үлкен кісі, – дейді төртемнің әкесі Есентай Қапар.

4 Айшаны әкесі болашақ мектептеріне алып барды. Оқу ордасының ауласы мен сынып бөлмесінің аурасымен танысқан төртем таңдаған орындарына жайғаса кетті. Мектеп әкімшілігі де төртемді қуана қабылдап отыр.

– “Енді төртем, егіздерде ойлау қабілеттері, еске сақтау қабілеттері жақсы болып келеді. Сондықтан биылғы келіп отырған төртемнен үлкен үміт күтеміз”, – дейді №137 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлжан Делегеева.

Қыздарының болашағынан әке-шешесі де үмітті. Бір баланы бағып-қағудың қиындығын төрт есе артық орындаған отбасы бүлдіршіндердің көрсетер қызығы мен қуанышы да еселене түссе екен деп тілейді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар