Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 5-сынып оқушысы сабақ кезінде көз жұмды

Алматыда сабақ кезінде мектеп оқушысы көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik.

Фото: ©YakutiaMedia

«Қазір оқушының неден мерт болғаны анықталып жатыр. Құқық қорғау органдары баланың медициналық картасын тексеруде», – делінген білім басқармасынан келген жауапта.

«Мектепте оқушы бірнеше рет талмасы ұстап құлаған. Картасындағы мәліметтеге сәйкес, бала 2014 жылдан бері есепте тұр. Невропотолог маманынан кеңес алған. Артериалды қысымы көтеріліп тұратын болған», – дейді ведомстводағылар.

Алексей дене шынықтыру сабағынан шеттетілген. Сабақ кезінде дәлізде, сабақтан шеттетілгендер отыратын орындықта отырған.
«Алексейдің жағдайы бірден нашарай бастаған. Оған алғашқы көмек көрсетілген. Мұғалім жедел жәрдем қызметін шақырып, бірақ дәрігерлер келгенше бала көз жұмды», – делінген басқармадан келген жауапта.

Оқиға 16 сәуір күні болды.

Тағы да оқыңыз:

Алматы облысында бала күтуші 3 жасар сәбиді әбден мазақ қылған

КВН ойыншысы Астанадағы мұз айдыны сарайына басшы болды

Бүгінде актер, режиссер әрі продюсер: Шымкентте жетімдер үйінде өскен бала Голливудты қалай бағындырды

Талқылау