Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 10 балалы отбасын жалдамалы пәтерден қуып шықты

Алматыда пәтер жалдап тұрып жатқан 10 балалы отбасы далада қалды.

“Пәтердің жалға алу құнының жартысын екі апта бұрын төлегенбіз. Пәтерге көшіп келген күні үй иесі ақшаны толық төлеуімізді талап етті. Бірақ келісім шартты ертеңіне алып келетінін айтты. Сол себепті келісімсіз ақшаны толық төлеуден бас тарттық. Ал үй иесі бізді далаға қуып шықты”, – деп жазады көпбалалы тұрғын Жанна Ким желіде.

Бұл іске полицейлер араласып, тергеу жүргізді. Үй иесі көпбалалы отбасыға пәтердің жарты ақшасын қайтарып берді. Енді үй иесі салық төлеу ісі бойынша тексеріледі.

Көп балалы отбасы Эдуард және Жанна Ким жетім балаларды асырап отыр. Өздерінің үш баласы бар. Одан бөлек балалар үйінен 4 бала асырап алған. Өздері  жетім-жесір және ерекше жағдайда қажет ететін балаларға көмектесетін «Reach» қоғамдық қорында қызмет етеді.

Тағы оқыңыз: 

Головкин мен Мартиросянның жекпе жегі Қазақстанда қай уақытта көрсетіледі?

Тамара Асар: Мәскеуден емделіп келгенімде күйеуім басқа әйелді жүкті қылып қойғанын айтты

Оралда қайынатасы өлтірген келінді күйеуі салонға кіргізіп, қызметкерлерден 4 сағатсыз жібермеуін сұраған

Талқылау