Алматыда үлкен дау тудырған ақылы тұрақтар қайта пайда болады

Сәрсенбі, 27 Сәуір , 2016 21:24

Алматыдағы ақылы тұрақтар мамыр айының соңында қарай қайта пайда болады. Жол жиектері мен ірі сауда орталықтанының алдына арнайы қондырғылар қойылып, сол арқылы төлем жүргізілмекші деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Безымянный

Сурет liter.kz

Осылайша қала билігі тұрақ мәселесін тағы коммерциялауды көздеп отыр. Келесі айдан бастап көше бойына көлігін қаңтарған жүргізушілер тұраққа төлем жасауға міндеттелетін болады. Яғни мамыр айының соңына қарай қалада паркоматтармен жабдықталған 36 автотұрақ іске қосылмақшы. Ақылы тұрақтарға көлігіңізді бір сағатқа қалдыру құны 100 теңге деп белгілінген. Осылайша қала билігі жүргізушілердің жүйкесін жұқартқан тұрақ мәселесін түбегейлі шешеміз деп отыр.

“Арнайы жабдықталған автотұрақтарда ғана ақы алынады. Төлемді паркоматтар, мобильді қосымша, банк карточкасы немесе СМС арқылы төлеуге болады. Ал қондырғы орнатылмаған көшелерге көлікті тегін қоюға болады”, – дейді Алматы қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім бастығы Әлішер Сатыбалдиев.

Алайда ақылы тұрақтардың өз-өзін ақтамайтынын атқамінерлер әлі де түсінбесе керек. Бұған дейін қала билігі екі мәрте дәл осы жобаны жүзеге асырып көрген. Бірақ жол жиектерін жалға алып, кәсіп бастаған инвесторлар шаш етектен шығынға батып, ақыры қолды бір сілтеген еді. Сондықтан өткен жылдың қараша айынан бастап көше бойына көлік қойғандардан ақы алуға уақытша тыйым салынған. Алайда жол жиегін жағалаған жасыл жейделілер жүргізушілерден тиын-тебен талап етуін әлі күнге тоқтатар емес.

Десе де шенеуніктер ақылы тұрақтар пайда болса заңсыз ақша алғыштардың да жоғалатынын айтуда. Есесіне енді паркоматқа ақша төлеуден жалтарғандарға айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жауыр болған жобаны қала билігі екі кезең бойынша жүзеге асырып, 2017 жылға қарай қала көшелерін толықтай ақылы тұрақтармен қамтамасыз етпекші.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар