Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы тұрғындары дағдарысқа байланысты жаңа жылдық сыйлық алуды азайтқан

 Биыл тұрғындардың жаңа жылдық тартуға жұмсайтын шығыны айтарлықтай азайған. Мерекелік тауарларға сұраныс жоқ деп саудагерлер де қапалы.

Group of Christmas gifts in front of tree.

БҰл туралы ктк арнасы хабарлады.

Әдетте, жаңа жыл алды саудагерлердің қалтаны бір толтырып қалатын кезеңі. Бірақ, биыл мерекелік сыйлықтарға сұраныс әлдеқайда азайған. Сауда орындарындағы қарашаның да қарасы қалың болмай тұр. Бірінші кезекте бұл әрине тауар құнының қымбаттай түсуімен байланысты.

Нарықтағы жағдайға байланысты сатып алушылардың талғамы да өзгерген. Дағдарыстың салқыны сезіліп, тұрғындар қымбат сыйлықтан да тартынып жатыр.

Өтімді тауардың бірі ойыншықтар. Бұған қоса, тұрғындардың басым бөлігі келер жылдың иесі мешіннің мүсіндері мен косметикалық өнімдерді және тәттінің түрлерін алады екен. Ал, дүкен сөрелеріндегі әшекей бұйымдар мүлдем өтпей тұр. Сатушылар былтыр жаңа жыл алдындағы бір аптаның ішінде 20-дан астам бұйым сатса, қазір 3-еуін әрең өткізетін жағдайға жеткен.

«Сауда жоқ, ақшалары жоқ елде. Кризис. Өткен жылы жақсырақ болып еді. Биыл сауда  жоқ»,  – дейді сатушы Айгүл Бекен.

 Сондықтан саудагерлер қалтасы жұқарған халықтың жайын ескеріп, мерекелік жеңілдіктердің түр-түрін жасап жатыр.Ресми мәліметтерге сүйенсек, биыл Алматы мен Астана қалаларының тұрғындары сыйлық үшін орта есеппен 15 мың теңге жұмсауға дайын екен. Бірақ бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 13 пайызға төмен. Дағдарыстың әсері болар, қазір аста-төк тарту жасап жатқандар шамалы. Көбі қиялдарына ерік беріп, арзан бағаға ұнамды сыйлық жасауды жөн көреді.

Талқылау