Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы түбінде ұшақ құлаған сәттің видеосы пайда болды (видео)

Интернетте Алматы түбінде Ан-28 ұшағының құлаған сәті делінген видео пайда болды.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Кадрға қарағанда оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Алдыңғы планда жүк көліктерінің тұрақтары байқалады. Мониторда көрсетілген уақыт трагедия болған уақытпен сәйкес келеді: 3 қазан, 18:47. Уақыт 18:46-ны көрсеткен кезде құлап келе жатып жанған ұшу нысаны байқалады.

Сосын ол төмпешіктерден көрінбей қалады да, біраз уақыттан соң жарқылдар сериясы басталады және өрт лаулап аспанға көтеріледі.

Еске сала кетейік, 3 қазан күні Алматы облысы, Іле ауданы, Междуречинск ауылына жақын маңда АН-28 ұшағы құлап, артынша өртеніп кетті. Әуе көлігінде болған дәрігерлер жаңа босанған анаға көмек көрсету үшін Алматыдан Шымкентке бет алған еді. Ал жаңа босанған әйел Шымкентке Түркістаннан 2 қазан күні жеткізілген.

Сәбидің өзі аман-сау болғанымен, оның анасы әлі де ауыр халде жатыр.

Оқи отырыңыз:

Көмір тапшылығы: Қазақстандықтар күн суығанда үйді қалай жылытарын білмей отыр

Нығматулин министрге: Заң жобасына сенеміз бе, әлде сіздің жауабыңызға ма?

Әріптесі: Ұшақта қаза тапқан Патсаевқа қазақстандық дәрігерлер қарыздар

Қазақ тілі үшін қорланған қоғам белсендісі аштық жарияламақ

Талқылау