Алматыда құлаған ұшақ пилоттарының есімдері белгілі болды

Алматы түбінде апатқа ұшыраған әуе кемесін басқарған командир мен екінші пилоттың есімдері белгілі болды.

“2017 жылы 3 қазанда ұшып шыққаннан кейін 12 минуттан соң East Wing әуе компаниясына тиесілі Ан-28 кіші авиация ұшағы Алматы облысы аумағында құлады. Ұшу Алматы-Шымкент бағытында медициналық көмек көрсету үшін жасалған. Әуе кемесінің командирі – Цой Г.Н. – Қырғызстан азаматы, екінші пилот – Кутафин Е. – Қазақстан азаматы”, – делінген хабарламада.

Бортта экипаждан бөлек екі медицина қызметкері мен науқас адам болған.

Ан-28 ұшағы Польшада жасалған. Тіркеу нөмірі UP – A2807. Шыққан жылы 1990 жыл.

Қазіргі таңда ҚР инвестиция және даму министрлігі авиациялық оқиғаларды тексеру басқармасының қызметкерлері ақпарат түсе салысымен бір сағаттан соң оқиға орынына жеткен.

Ұшақ құлау кезінде электр жарығы желісін қиып өткен, одан бөлек ешқандай азаматтық құрылыс нысандарына залалы тимеген.

Тағы да оқыңыз:

Қажымұқанның жапон палуаны Саракикидің мойнын үзген видеосы табылды (видео)

Бүгіннен бастап 2006 жылғы қағаз ақшалар айналымнан шықты

Елімізде «адасқандар» арасында бокстан, күрестен чемпион болған жігіттер жүр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
23.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар