Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы ұшақ апатында қаза болған курсант танымал ұшқыштың немересі болып шықты

Алматы іргесіндегі әуе апатында қаза болған курсант – танымал ұшқыш Мақаш Әбішевтің немересі болып шықты. 1996 жылы туған Айдар Әбішев азаматтық авиация Академиясының үшінші курс студенті болған.

2964704

Бұл туралы Sputnik хабарлады.

Кей мәліметтерге сәйкес, Айдардың жұбайы да аталған оқу орнында білім алады. Марқұмның әкесі Ербол Әбішев те ұшқыш болып жұмыс істейді.

Ал авиациялық әулеттің негізін қалаған Мақаш Әбішев немересінің қазасына байланысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.

Әуе апаты кезінде мерт болған екінші ер адам – 1977 жылы туған Украина азаматы Курченко.

Айта кетейік, бүгін таңертең Азем аэродромына жақын маңда «Технам 2002» әуе көлігі апатқа ұшырады. Ұшақ таңғы сағат 09.53-те құлаған.

Жіберіп алмаңыз:

Оқушы қыздар өздерін құтқарып, өзі суға батып кеткен көршілері жайлы айтты

Швецияда өткен гей-парадта Қазақстан азаматтары көк туды алып шықты (фото)

Тұрсынбек Қабатов белгілі әзілкешке 3 бөлмелі пәтер құнына тең сағат сыйлады

Туберкулезге шалдыққан қазақстандық қыз Варшавадан елімізге жеткізілді

Талқылау