Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Алматы полициясы жедел жәрдем жүргізушісін ұрған түрік азаматын елден қумақшы
Алматыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан түрік азаматы елден қуылмақ.
Бұған дейін түрік азаматының Алматыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін ұрып-соғып кеткені хабарланған еді. Бұл жайт қоғамда шуға айналып, кінәлі жігіт халықтан кешірім сұрады. Жәбірленуші тарап кешіріп беріп, бір мәмілеге келгендей еді. Кейінірек айыпталушы кепілмен босатылды. Ал жақында Түркия азаматы Әли Демірдің жәбірленуші Николай Кучмаға материалдық өтемақы төлегені және олардың ортақ келісімге келгені белгілі болды.
Алайда Алматы полициясы Түркия азаматының Қазақстаннан кетуін арыздануда. 2 қараша күні полицейлер атынан Әуезов аудандық сотына шағым түсірілді. Түрік азаматы Әли Демир заң бойынша әкімшілік жауапқа тартылған еді.
IT мамандығын бітіріп, аяқкиім тазалаумен айналысады: 23 жастағы қазақстандық айына миллиондарды қалай тауып жүр
IT мамандығын меңгерген жас кәсіпкер аяқкиім тазалаудан бизнес құрды
Қазақстандықтар брендтердің "қара тізімін" жасады: Кімге және не үшін бойкот жарияланды
Жазба астындағы пікірлерде Jah Khalib есімі көп кездеседі