Алматы орталығында қымбат көлік отқа оранды (видео)
Алматыда жексенбі күні таңертең автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлайды қалалық ТЖ департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап Sputnik Қазақстан.

Оның мәліметінше, 21 қаңтар күні сағат 8:25-те құтқарушыларға Райымбек және Назарбаев даңғылдарының қиылысында автокөлік өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. Жеті минуттан кейін оқиға орнында болған өрт сөндірушілер бұл ақпаратты растады.
“BMW Х5 маркалы автокөліктің қозғалтқыш бөлігі мен салонындағы үш шаршы метр аумаққа жалын шарпыған”, — деп хабарлады Баймұхамбетова.
Өрт сағат 8:34-те ауыздықталып, тағы алты минуттан кейін толығымен сөндірілген.
Оқи отырыңыз:
Атырауда әкесімен сөзге келіп қалған ер адам өзін өртеп жіберді
Мақпал Жүнісова: Есікті аш, мен сені зорлаймын дегенге дейін барды
“Қоңыр” тобының бұрынғы әншісі: Жұрт ойлағандай опық жеп қалған жоқпын
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"