Атырауда әкесімен сөзге келіп қалған ер адам өзін өртеп жіберді
Атырауда 32 жастағы ер адам әкесімен сөзге келіп қалып, өзін өртеп жіберді, деп хабарлайды Атырау ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Қайғылы оқиға сенбі күні кешке қала шетінде орналасқан Геолог кентінде орын алған.
«Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам тойдан үйіне келген соң әкесімен сөзге келіп қалған. Мұнан кейін ашуға булыққан ер адам сыртқа шығып, өзін-өзі өртеп жіберген.
Ер адам жедел түрде облыстық ауыруханаға жеткізілді. Оның денесінің 60 пайызын күйік шалған»,- деп түсінік берді аталған оқиғаға Атырау ІІД-ның баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.
Оқи отырыңыз:
Мақпал Жүнісова: Есікті аш, мен сені зорлаймын дегенге дейін барды
“Қоңыр” тобының бұрынғы әншісі: Жұрт ойлағандай опық жеп қалған жоқпын
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті
Сөздерінше, құрылыс мұзды аймақтарға тікелей жақын орналасқан 3880 метр биікке салынады
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек