Алматы облысының тұрғыны итінің арқасында жаңа “Лексусты” тізгіндеді (видео)

Дүйсенбі, 31 Қазан , 2016 13:07

Алматы облысы Жамбыл ауданында қазақы төбет иттерді арнайы тестілік сынақтан өткізді. Жеңімпаз иттің иесіне су жаңа «Лексус РХ 300» көлігі берілді, деп хабарлайды Stan.kz.

Бәсеке төрт салмақ дәрежесінде өрбіді. Яғни, 52 келіге дейін жеңіл салмақ, 58 келіге дейін орта салмақ, 65 келіге дейін ауыр салмақ және ең ауыр салмақ дәрежесі бойынша Қазақстан чемпиондық атағы сарапқа салынды.

Бір қызығы бұл жерде иттердің де арнайы бекітілген өз ережесі бар. Олар бір-бірімен сынға түскенде «Үруге», «Ырылдауға», «Тіс көрсетуге», «Жекпе-жекті тастап қашуға болмайды».  Сонымен қатар бұның бәрін ортада үш төреші қадағалап жүреді. Олардың негізгі қызметі иттің жаны қиналуына  жол бермеу.

Бұл ұйымдастырылған ел чемпионатында жеңіске жеткен иттің иесі құралақан кетпейді. Яғни, бірінші орынға «Лексус РХ 300» және «Toyota Camry» автокөліктерін тізгіндейді. Сала мамандарының сөздерінше бұның бәрі бүгінгі қазақтың нағыз бөрібасарларының арасынан мықтыларын іріктеп шығарсақ деп отыр.

Сонымен айтулы бәсекеде. Жеңіл салмақ дәрежесінде  Малыш атты Алматы облысының иті қарсыласын қуып жүріп жеңіп, екінші рет Қазақстан чемпиондық атағына ие болды.

«Бұл бәсеке өте керемет болды. Өздеріңіз көрдіңіздер менің итім таза жеңіске жеткенін, – дейді иесі Сәбит Шегебаев.

собака3110

Зубай

Ал, орта салмақ дәрежесінде Ұзынағаш ауылының  Зубай атты иті Қазақстанның төрт дүркін чемпионы болды. Айта кетерлігі, бұл итке өз салмақ дәрежесінде Орталық Азияда тең келетін бөрібасар жоқтың қасы . Себебі, осы күнге дейін барлық жекпе-жегін уақытынан бұрын жеңіп, өзінің иесіне оннан астам су жаңа автокөлік сыйлап үлгерген. Бір қызығы бұл иттің бір күшігінің бағасы бір жылқының құнымен тең.

Ауыр салмақты иттердің бәсекесінде былтырғы Еуразияның үш дүркін чемпионы Мамай жеңіске жетсе, 105 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Бахабит қарсыласын небәрі екі минут ішінде өзінің мықтылығын дәлелдеп  үлгерді.

Ресей, Украина, Дағыстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Армения, Грузия, Түркия және Қырғыстанда иттерді жыл сайын сынақтан өткізіп тұрады. Себебі, айырқалпақты ағайындар өздерінің «Дөбеттеріннің» арасынан кіл мықтыны анықтаса, ағыстандықтар өздерінің «кавказдық» иттерін  сынақтан өткізіп тұрады. Ал, түріктер болса атақты «Кангалдары» арасында жыл сайын тартысты бәсеке  ұйымдастыруды дәстүрге айналдырғанын жоққа шығаруға болмайды.

Жіберіп алмаңыз:

Аляска жағалауында беймәлім суасты құбыжығы байқалды (видео)

Бойжеткен 20 жігіті сыйлаған  iPhone 7 телефонының ақшасына үй сатып алды

Тойда ерекше шоу көрсеткен жігіттер қонақтарды таң-тамаша етті (видео)

Банк клиенттері өлім аузында жатқан зейнеткердің үстінен аттап кеткен

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
1 ай 6 күні кері

Төбеттердің болғаны жақсы бірақ ҚР чемпинотында басқа да адам қатысатын жарыстарда осын сыйлық беретін болса спортымыздың дамуына нұр үстіне нұр болар еді

Жұмбақ жан
1 ай 7 күні кері

Қазақтың төбет иттерінің қарқыны өскені өскені дұрыс. Бұлардың жақтары мен, жүрекетерін тексерудің бірден-бір жолы осы!

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар