Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Банк клиенттері өлім аузында жатқан зейнеткердің үстінен аттап кеткен (видео)

Қазіргі таңда полиция зейнеткерге уақытылы көмек көрсетпеген төрт азаматты іздестіруде. Бұл қылығы үшін олар бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

банк германи

Германияның Эссен қаласындағы Deutsche Bank бөлімшесінде адамшошырлық жағдай орын алды. Банкке келген 82 жастағы зейнеткер өзін нашар сезініп, талып қалды. Алайда банктың өзге клиенттері 20 минут бойы немқұрайлы күймен оның үстінен аттап кете барған. Ес-түссіз жатқанын көрсе де оған көмектесуге ниет білдірмеген, жедел-жәрдем де шақырмаған.

Bild басылымының хабарлауынша, аталмыш оқиға қазан айының басында орын алды. Десе де бұл туралы ақпарат енді ғана таратылып жатыр. Полиция бейнебақылау камераларына түсірілген жазбаны жіті қарап шыққан соң іске кірісті. Видеоға бес азамат түсіп қалған, олардың төртеуі өлім аузында жатқан қарияға мүлдем немқұрайлы қараған.

Ал бесінші азамат жедел жәрдем шақыртқан. Шұғыл арада келіп жеткен медицина қызметкерлері зейнеткерді ауруханаға жеткізді. Алайда арада үш апта өткеннен кейін қария ақыры көз жұмды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр, полиция көмек көрсетпеген төрт азаматты іздестіруде.

Жіберіп алмаңыз:

Қатігез әке ұлын 20 жыл бойы лас жертөледе қамап ұстаған

Миллионер өзіне адал қызмет еткені үшін хатшысына мұрагерлікке 75 млн евро қалдырған

Бойжеткен 20 жігіті сыйлаған  iPhone 7 телефонының ақшасына үй сатып алды

Йеменде сақталған Пайғамбарымыздың шашы көпшілікке көрсетілді (видео)

Талқылау