Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тұрғынның көлігінен заңсыз атып алған аю терісі табылды

Алматы облысының Қарабұлақ ауылында 20 жастағы тұрғынның Нива көлігінен жаңа атып алған аю терісі табылды

medv-175sm-35000r-oktyabr

Бұл туралы STAN.KZ сайты Алматы облысы ІІД баспасөз хатшысына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Аю терісі биологиялық сараптама бөліміне жеткізілді. ҚР ҚК 339 бабы бойынша сотқа дейінгі зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазақстан Үкіметінің 2001 жылы қыркүйекте бекітілген қаулысы бойынша аюларды заңсыз ату жағдайында 700 АЕК, яғни, 1 миллион 387 мың төрт жүз теңге айып төленеді. ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша 2015 жылы 10 ай ішінде табиғатты қорғау ісі бойынша 1443 қылмыстық іс тіркеліп, оның ішінде 550 заңсыз аң аулау ісі бойынша қарастырылған. 464 адам заңсыз аңшылықпен айналысуы мүмкін деген күдікпен жауапқа тартылды.

Талқылау