Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысындағы шекара заставасында сарбаз асылып қалды

Алматы облысындағы шекара заставасында сарбаз асылып қалды, деп хабарлайды Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Алматы облысындағы шекара заставасында сарбаз асылып қалды

Сурет: Владимир Дмитриев

Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 12 сәуірде орын алған.

“12 сәуірде шамамен кешкі сағат 17:00-де Алматы облысы Үшарал қаласындағы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2484 әскери бөлімінің «Жоңғар» шекара заставасында сарбаз А.Е.Хамзин асылған күйінде табылды. Ол аталған әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметкері болған. Сарбаздың өз-өзіне қол жұмсауына әскери қызметінің қатысы жоқ. Жеке басының мәселелері бойынша өзіне қол салған болуы мүмкін”, – делінген хабарламада.

Аталған оқиға ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлімі (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша тіркелді.

“Іс ҚР ІІМ ӘТБ Оңтүстік аймағының Талдықорған бөлімінің өндірісіне қабылданды”, – деп мәлімдеді ведомствода.

Қазіргі уақытта тиісті тергеу-жедел іздестіру амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте әскери мектебінің шәкірті оқу-жаттығу кезінде көз жұмды

Алматылық келіншек пойызда босанып қалды

Алматы облысында ауыл мектебін 10 жылдан бері жыландар басып алған

Атырауда аңға шыққан ер адам қасқыр екен деп досын атып тастаған

Талқылау