Алматы облысында жұмбақ күйде жоғалып кеткен медбикенің өлі денесі табылды
Алматы облсыны Қарасай өзенінен жоғалып кеткен Гүлнәр Есенәлиеваның денесі табылды, деп мәлімдеді аймақтық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Сурет: 365info.kz
Әйелдің денесін құтқарушылар ол жоғалып кеткен жерден 2 шақырымдай қашықтықтан, өзен ағысы бойынша төменгі жағынан тапқан.
Қазір Гүлнәр Есенәлиеваның өліміне қатысты оқиғаның анық-қанығы тексеріліп жатыр.
Айта кетейік, Гүлнәр Есенәлиеваның жұмбақ күйде жоғалып кетіп, оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтаған еді.
Талқылау