Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында зейнеткер дәрігер салған екпеден соң көз жұмды

Жөтелін емдеймін деп, өмірмен қош айтысты. Алматы облысының Бәйтерек ауылында 65 жастағы ер адам жергілікті амбулатория медбикесінің қателігінен бақилық болды, – деп хабаралайды КТК арнасының сайты.

ukol-shpricom-1

Дәрігердің ескертпесін елемеген ол науқастың аллергиясының барына қарамай, сынама да жасамай еге салыпты. Жағдайы сол мезетте-ақ ушыққан зейнеткер тура емхана ішінде жап тапсырған. Марқұмның жақындарының аллергияның бетін қайтаратын дәрі таппай сандалған дәгірлерлерге де өкпесі қара қазандай.

Александр Сивактың бұл осы өмірде түскен соңғы суреті. 65 жастағы ер адам жөтелін емдеу үшін Бәйтерек ауылындағы амбулаторияға келіпті. Бірақ сенбі күні дәрігерлердің бірі де табылмай, медбикелер ұзақ уақыт бірінен-біріне сілмеумен болған. Кейін антибиотик тағайындалып, зейнеткерге еш сынамасыз егіліпті.

-“Медбике шприцтің жартысындағы дәрімен екпе жасады. Аллергиясы бар екенін үш рет ескерткенімді тыңдаған жоқ. Мені бөлмеден қуып шықты. 3 минут өтпестен дәрігерлер ары-бері жүгіре бастады. Күйеуім демала алмай отыр екен. Қажетті дәрі өздерінде болмаған соң, дәріханаға жүгіріп барып келдім. Оны да тамырға сала алмады. Сөйтіп, дәрігердің қолында жан тапсырды”, – марқұмның жесірі Надежда Сивак.

Марқұмның туыстары дәрігерлердің бұндай жағдайға дайын болмағанын айтады. Шұғыл медициналық көмек көрсетудің орнына олар сасқалақтап, аллергияның бетін қайтаратын препарат таппай сандалған. Енді қара жамылған отбасы істі соңына дейін жеткізбек.

-“Өлім себебін анықтау үшін бірден екі сараптама тағайындалды. Олар өкпенің ісініп кеткенін және өлімнің аяқ асты келгенін айтты.Нақты ненің себеп болғанын анықтау үшін уақыт қажет екен. Кінәліні жазалап, бұндай жағдайдың қайталанбауы үшін күресетін боламыз”, – марқұмның қызы Ирина Сивак.

Бірақ жергілікті амбулатория басшылығы өздеріне шаң жуытқан жоқ. Айтуларынша, марқұмның 10 жылдан бері өкпесі ауырады. Ал Бәйтеректе соңғы үш жылдан бері тіркеуде екен. Оның үстіне, өкпеден бөлек талай сырқаты болған деген сенімде дәрігерлер.

–”Сырқатын бізге нақты айта алмайды. Барлық органнан гистология алып, Алматыға жіберді. Ол гистология дайын болғаннан кейін барып қана ақырғы диагнозды айтады”, – дейді Бәйтерек ауылдық амбулаториясының меңгерушісі Балмұқан Шаяхметов.

Қазір бұл іспен тәртіп сақшылары айналысуда. Олар кінәлі тұлғаны табу үшін қайткенде де сараптама қорытындысын күтеді. Ал сол күні табылмады деген препараттар қазір тоңазытқышта толып тұр. Дәрігерлер оның сол кезде-ақ болғанын алға тартып, оның не себепті көмектеспегені жайлы жақ ашпай отыр. Ал қарапайым жөтелге қарсы салынатын екпені жасап, адамды о дүниелік еткен медбике кезекті еңбек демалысына жіберіліпті.

Жіберіп алмаңыз:

Оралда әйелге жасартатын дәрі егіп өлтіріп алған косметологқа үкім шықты

Талқылау