Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тұрғындар тойхана құрылысына қарсылық танытты

Алматы облысында тұрғындар басталмаған тойхана құрылысына қарсылық танытты. Өтеген батыр кентінің жұрты елді мекеннің әр тұсында бой көтерген мейрамханалардан шаршадық дейді, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Безымянный

 

Ендігі кезек үй іргесіндегі жасыл желекті отауға жеткен соң, халықтың шыдамы сарқылған.

“Бізге де демалатын ауа керек қой. Анау кафе, мына жақта кафе, жеріміз сасып, шіріп жатыр. Енді осы демалатын титтей жерімізге тыныштық бермейді ме?!”, – дейді Өтеген батыр кентінің тұрғыны Дүйсенгүл Тілеубаева.

Жарты ғасырдан аса жайқалып тұрған ағаштарды кезінде осы қарттардың өздері отырғызыпты. Күннің ыстығында саялайтын жерлері де осы жасыл желектің іші. Енді ағаштардың оталатынын естіп жағаларын ұстап отыр. Жол бойындағы жер телімін сатып алған кәсіпкер мұнда тойхана салмақшы екен. Бүгін құрылысты бастамаққа ауыр техника келгенімен, қарттардың қарсылығына тап болып кері қайтты.

Талқылау