Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тәрбиешінің туберкулезбен ауыратынын естіген ата-аналар айқайға басты

34 жастағы Мұңайма Жақыпова Өтеген батыр кентіндегі балабақшаға күтуші боп бір жыл бұрын жұмысқа орналасқан екен. Ал жұқпалы ауру бір ай бұрын анықталыпты, – деп хабарлайды КТК арнасы.

рн

Бұл жағдай прокурорлардың араласуынан кейін мәлім болған. Перзенттері таңертеңнен кешке дейін сол келіншектің қарамағында болған жұрт мұны білген бойда балабақша директорын жағадан алды. Перзентін туберкулезі бар тәрбиешінің қарағанын білген тұрғындар балабақша басшысын айқайдың астына алды. Келіншектің ауыратыны бір ай бұрын белгілі болған екен. Ал балақайын осында сеніп тапсырғандар оны енді ғана естіпті.

“Ертеңгі күні денсаулығына кім бізге жауап бере алады? Енді не істейтінімді  білмеймін”, – дейді Өтеген батыр кентінің тұрғыны Нәбира Күмісбаева. Жұқпалы дертке шалдыққан қызметкерді жұмыстан шығардым деген директордың түсініктемесі де ата-аналарды тыныштандыра алған жоқ.

Жанжалдан басын ала қашқан басшы ақыры кабинетіне барып тығылды. Тіпті айқайға жеткен тәртіп сақшылары да туберкулез жұқтырып алудан сескенді ме, көп ұзамай кетіп қалды. Ал өкпе құртына шалдыққан келіншек тәрбиеші боп бір жыл бұрын орналасқан екен. Сол кезде сау деген санитарлық кітапшасы да болыпты.

Тәрбиешінің туберкулездің нақты қай түріне шалдыққаны туралы ақ халаттылар тіс жармай отыр. Дегенмен, балалармен қоса, басқа тәрбиешілерді де түгел тексеруден өткіземіз дейді. “Науқас диспансерде жатыр. Иммунитеті әлсіз. ауру балаларға жұғады деген әңгіме емес”, – дейді Іле аудандық ауруханасының директоры Майра Егембердиева.

Десе де, дауға араласқан прокуратура әйелдің туберкулездің ашық түріне шалдыққанын растады. Қазір балабақша жабылған. Онда залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр. Күтушінің кітапшасына сау деп жазып бергендер де енді жаппай тексерілуде.


Жіберіп алмаңыз:

Үкімет басшысы депутаттың бэби-бокс орнату туралы ұсынысына жауап берді

Ақын: Қоянбаевтың бағдарламасы «өзі айтып, өзі күлетін» анекдоттағы чукча дәрежесіне түсті

11 жастағы Нұрия Сүлеймен спортта 80 медаль жеңіп алған

Елбасы Ақан Сатаевпен кездесіп, киносына жоғары баға берді (видео)

Талқылау