Алматы облысында суға батып бара жатқан қызды құтқармақ болған екі жігіт қаза тапты
Алматы облысында суға батып бара жатқан бойжеткенді құтқармақшы болған екі жігіт те суға кетіп қаза тапқан. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Оқиға 26 маусым күні кешкі сағат 17:25 шамасында Еңбекшіқазақ ауданындағы “Шелек” өзені бойында болған. 1988 жылғы қызды құтқармақ болған жігіттер 1995 және 1984 жылы туған азаматтар екен.
Департаменттің хабарлауынша, жігіттер қыздың суға тұншыққанын көріп оны құтқаруға әрекеттенген. Бірақ, өздері де опат болады. Құтқарушылар қыздың мәйітін тапты. Екі жігіттің денесі әлі іздестірілу үстінде.
Оқи отырыңыз:
Қостанайда жоғалып кеткен бала өлі күйінде табылды
Алматы-Қапшағай жолында қызметін атқарып тұрған полицей қаза болды
Алматыдағы көпқабатты үйдің өртенуіне қоқыстанған балкон себеп болған
Павлодарда бүлдіршіндерге қол көтерген тәрбиеші ақыры жұмыстан қуылды
Талқылау
Қазақстанға ЛГБТ насихатына тыйым қажет пе? Депутаттар мен белсенділердің пікірін тыңдадық
Депутаттар ашық насихатталып жатқан бір жынысты неке, педофилияға заңмен тыйым салу көзделіп отырғанын айтты
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?
Депутат Абзал Құспан тоқал алуды заңмен реттеу қажет екенін айтқан еді