Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында шенеунік пен шаруаның төбелесі дау тудырып жатыр

Жүннен шыққан жанжал! Алматы облысында білдей әкім орынбасары мен фермердің төбелесі тәртіптік кеңестегілерді тығырыққа тіреді,-деп жазды КТК арнасы.

соттт

Өйткені, жапа шеккен жалғыз шаруа сияқты болғанымен, соңынан шенеунік те таяқ жеген боп шықты.

Кәсіпкер Алмасбек Садырбаев, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары субсидия сұрағаным үшін тұмсығымды бұзды деп әлеуметтік желіде жариялаған болатын. Айтуынша, Асқар Тұтыбаевтан жүнге субсидия сұрап барған.

Алайда, жүннің орнына жұдырық алыпты. Болған жайт тәртіптік кеңеске жеткен. Әріптестері мен фермерді шақыртқан атқамінерлер аяғында өздері абдырап қалды. Себебі, Тұтыбаев та таяқ жедім деп мұңын шақты. Таспаға түсірілген дәлел екеуінде де жоқ екен. Тығырыққа тірелген тәртіптік кеңестегілер енді не істерін білмей бас қатырып отыр.

«Қазір барлық нелер тексерілуде. Нәтижесі бойынша біз қажетті шаралар қабылдаймыз»,-дейді Алматы облыстық Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі басқарма жетекшісі Ұлан Қалжанов.

Оқи отырыңыз:

Қуандық пен Гауһарды ажыратқан Жанна Абу журналистерге жала жапты

Пародист Еркенің “Қайда?” әнін танымал адамдардың даусымен айтып шықты (видео)

Төреғали Төреәлі өзінің әке атанғанын хабарлады

Есентаевтың қарындасы көк қағаздың құлы болып, тәнін сатқан әйелдер туралы айтты

Ханзу елінен Димашты қолдау үшін 300 қыз бірге ұшып келді

Талқылау