Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында сәбиін сатпақ болған қыздың әжесі: Қызым оң жақта отырып жүкті болды

Алматы облысында жаңа туған нәрестесін сатпақ болған қыздың әжесі мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Алматы облысында сәбиін сатпақ болған қыздың әжесі: Қызым оң жақта отырып жүкті болды

Әжесінің айтуынша қызы баласын сәбиі жоқ отбасыға тегін бермек болған. Ақшаға сату туралы әңгіме болған емес. 20 жасар қыз оң жақта отырып, бала туған. Әкесі одан бас тартқан соң, баласын өзгелерге сыйламақ болыпты.

Тұрғындар бұл отбасының осындай қадамға бағанына сенбейді. Отбасыны жақсы жағынан ғана таниды.

“Қызым әкесіне керек емес  деді. Баланы алдыртып тастаймын дегесін, обал болады деп алдыртпаған мен едім, жаным. Енді ол жерде сатылады  деген ештеңе болған жоқ. Қызым «менің аяғыма оралғы болады, мама, ертеңгі күні» деп ойбайлағаннан кейін келісіп едім.

Бұған дейін сәбиді 1 млн теңгеге сатпақ болғаны туралы ақпарат тараған еді.

“Мұны естіп, төбемізден жай түскендей болды. Негізі, өте жақсы отбасы еді. Бұған дейін қыздарының жаман қылығын көрген емеспіз”, – дейді тұрғыны Вера Шабанова.

Қаскелеңеде болған бұл оқиғаға қатысты күдіктілер қатарына қыздың өзі мен әжесі, дәрігерлер ілінді.

“Расымен Қарасай ауданында болған бала сату ісіне қатысы бар адамдар кепілмен бостандыққа жіберілді. Кепіл соммасы мен басқа да мәліметтерді сот айтады”, – дейді  Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Сергей Незнаев.

Қазір сәбидің анасы ауруханада жатыр. Әжесі немересін өз қамқорлығына алмақ. Іс сот арқылы шешілетін болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау