Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында Range Rover көлігі түйемен соғысып, 5 адам көз жұмды

Алматы облысында Айдарлы ауылына жақын маңда жантүршігерлік жол апаты орын алды. 43 жастағы «Range rover» автокөлігінің жүргізушісі түйеге соғысып, аударылып түсті.

136431

Бұл туралы облыстық ІІД хабарлады.

Көлік жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір адам ауруханада жан тапсырды. Сондай-ақ, жол-көлік оқиғасында жануар өліп қалды. Оның иесі әзірге анықталмаған.

Полициядағылардың айтуынша, апат орын алған аймақта құрылыс жұмыстары аяқталмаған. Сондықтан бұл жерде көлік қозғалысына тыйым салынған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте 3 жасар бала ашық жатқан сым тоғына түсіп, қолын тұтас күйдіріп алды

Алматыда Mercedes жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

ОҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 4 жас қыршынынан қиылды

Астанада құрылыс нысаны құлап, 2 жұмысшы мерт болды

Талқылау