Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында полиция қызметкерін өзінің танысы өлтірген

Облыстық құқық қорғау орган қызметкерлерінің мәліметінше полиция қызметкері Айтжан Арыновтың өліміне күдіктілер ұсталған. Әрі тергеу барысында оқиғаның қалай болғанын баяндап берген.

image129053

Бұл туралы 365info Сайтына сілтеме жасай отырып STAN.KZ сайты хабарлайды.

« Айтжан Арынов өтіп баражатқан кезде күдікті мен оның жолдасы жол жиегінде сыра ішіп отырған. Олар айтжанды тоқтатып біраз уақыт сөйлесіп отырған. Сөз арасында полиция қызметкері бір көліктен стробоскоп ( қызыл –көк арнайы сиганл беретін, жедел қызмет көлігіне қойылатын құрылғы) тәркілегенін айтқан. Таныстары құрылғыны өздеріне беруді сұрағанда Айтжанов көнбей қойған. Сөйтіп отырғанда Айтжановты әңгімеге айналдырғандар құрылғыны қолды еткен»,-дейді облыстық ІІД баспасөз хатында.

Айтжанов стробоскопты ұрлатып алғанын үйіне жеткен де ғана түсінеді. Тансытарына қоңырау шалып, бұған дейін отырған маңда кездеседі.

«Екінші рет кездескен кезде ұрланған зат Айтжанға қайтарылған. Алайда, әңгіменің соңы жақсы аяқталмаған. Полиция қызметкерінің бойы екі метрден биік, денелі азамат еді. Күдіктінің айтып бергеніне қарағанда, әңгіменің соңы төбелеске жалғасатын сияқты көрінген. Сыра ішіп отырғандардың бірі жақын маңдағы көлігіне жүгіріп барып пышақ алып келеді. Айтжан байқамай тұрған кезде бірнеше рет кеуде тұсынан сұғып алады. Арынов есін білмей құлаған кезде пышақтаған жігіт досымен бірге оқиға орнынан қашып кетеді»,-делінген хатта.

Анық болғандай полицияны пышақтаған 24 жастағы азамат бұрын соңды сотталмаған. Алматыдағы тасмалдау компанияларының бірінде тұрақты жұмыс істеген.
Енді оның жолдасы да бұған дейінгі тергеуде көрген жайт бойынша жалған мәлімет бергені үшін қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін.

Талқылау