Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында оқушыны балағаттай ұрған мұғалім қазақстандықтардан кешірім сұрады

Сабақ үстінде студенттерді ұрып-соққан жаркенттік ұстаз барша қазақстандықтардан кешірім сұрады. Өз әрекеті арқылы барша ұстаздар атына кір келтіргеніне өкініш білдірген денешынықтыру пәнінің оқытушысы барлық жауапкершілікті өз мойнымен көтеруге әзір.

Ал ұстаздар қауымы тәжірбиелі маманның бойынан бұрын ерсі қылықтарды байқамағандарын айтады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Жаркент көпсалалы колледжіндегі келеңсіз оқиға бір апта бұрын орын алған. Сабақ арасында базар аралап кеткен студенттерді, 304 топтың кураторы дәл осы жерде тәртіпке салмақ болыпты.

Әріптестерінің алдында ұятқа қалған дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ашуға булығып, шектен шығып кеткенін де байқамай қалған көрінеді.

Қаңтардың 10-ы күні студенттер емтиханнан қашып, базар алап кетіпті. Не себепті шыққандарын түсіндіре алмағандықтан мұғалім ашуға булыққан көрінеді. Шәкірттерін ұрып-соғумен қатар, боқтық сөздер де айтқан болатын. Ұстазға сай келмейтін әрекетіне өкініш білдірген мұғалім көпшіліктен кешірім сұрады.

«Мен оларды ұрайын деп ұрған жоқпын. Ашулықпен, ашу-ыза кезінде мен оларды тәрбиеге келтірейін деген өзімнің сондай ашулықпен болып қалды. Дене жарақатын салайын, көзін шығарып, аяғын сындырайын деген ешқандай ой болған жоқ. Таяқ жеген балалардың ата-аналарынан және студенттерден кешірім сұраймын» – дейді Жаркент қаласының тұрғыны Елеусіз Бейсембаев.

Коледж мұғалімінің шектен шыққан әрекетін ғаламтордан естіп білген мекеме ұжымы төбелерінен жай түскендей болыпты. Облыстық білім бюасмқармасынынан арнайы комиссия келіп, кәсіптік білім беру мекемесінің басшысы Бақытжан Сабырбаевты қызметінен босатқан. Бірақ қазір ол осы мекемеде ұстаздық қызметін жалғастыруда. Ал дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жұмыстан қуылған.

«Педсоветтің шешіміміне оқытушымызды Бейсембаев Елеусіз дене пәнінің оқытушысы жұмыстан шығарылды. Қазіргі кезде колледждің оқытушысы Бейсенбаев жұмыс орнында жіберген қателіктері үшін ҚР «Еңбек кодекснің» 52 бабының бірінші тармағы 14 тармақшасына сәйкес жұмыстан босатылды» – дейді Жаркент көпсалалы колледжі директорының міндетін уақытша атқарушы Зағира Омарбекова.

Осы оқиғадан кейін жәбір көрген төрт студенттің ата-анасы полицияға шағым түсіріпті. Алайда камераға сұхбат беруден бас тартты. Бірақ ұстазға сай емес әрекетке барған мұғалімге кешірім бермейміз деп отыр. Аудандық полиция басқармасы “Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу” жөнiндегi мiндеттердi орындамау бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізуде. Ал дене шынықтыру пәнінің мұғаілімі қолыммен жасағанды мойныммен көтеруге әзірмін, дейді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау