Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында оқушылардан ақша бопсалайды деген күдікпен 4 оқушы ұсталды

Әлеуметтік желілердің пайдаланушысынан түскен ақпарат бойынша, полицейлер Көксу ауданындағы мектептердің бірінде бопсалаушылық фактілерін анықтады.

vymogatelstvo-v-shkole

Сурет ruzakon.net сайтынан алынды

Бұл туралы Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабалады

Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының жедел тобы бұл ауылдық мектептің кіші сынып оқушыларынан 500-1000 теңге көлемінде ақшалай қаражатты бопсалауда күдікті танылған жоғары сыныптарда оқитын төрт баланы ұстады.

Бопсалау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалған. Сот алдындағы тергеу амалдарын Көксу АІІБ-нің қызметкерлері жүргізіп жатыр. Күдікке ілінген оқушылар ата-аналары мен ювеналдық қызметкерлердің қадағалауында.

Талқылау